Қазгидромет: Шілденің 25-і күнгі ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шілденің 25-і күні Қазақсанның басым бөлігінен фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда 25 шілде күні республиканың кей жерлерінде жауын жауады. Солтүстікте және шығыста жел күшейеді. Республиканың бірқатар аумағында осы күні найзағай ойнап, жел күшейіп, оңтүстікте оның соңы шаңды дауылға ұласады. Еліміздің кей аумақтарында бұршақ жаууы ықтимал, солтүстік-батыста түнде және таң ата тұман түсуі мүмкін.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар, күндіз Ақмола облыстарында желдің екпіні секундына 23-25 метрге жетеді. Қарағанды облысында 23-28 метр болса, Қостанай облысында түнде және таң ата тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Күндіз желдің екпіні секундына 25 метрге жетіп, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Қызылорда облысында таң ата және күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрып, соңғы шаңды дауылға ұласуы ықтимал.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Жамбыл облысында түнде және таң ата бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Алматы, Қызылорда, Атырау облыстары мен Маңғыстау облысының оңтүстігінде аптап ыстық болады.

Атырау, Қызылорда облыстары мен Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Алматы облысының оңтүстік-батысында өрт қауіпі сақталады.


Соңғы жаңалықтар