Қазгидромет: Ресейдегі жарылыстан кейін ауада радиацияның артуы тіркелген жоқ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ресейдегі қару-жарақ қоймасында болған жарылыстан кейін Қазақстанға тараған радиация туралы ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аумағындағы радиациялық фон мен атмосфераның радиациялық ластану мониторингін жүзеге асырады. Ауа сынамаларын 5 тәулік бойы үздіксіз алу арқылы гамма-фон 85 бақылау пунктінде, бета-белсенді түсу тығыздығы 43 бақылау пунктінде өлшеуден өтіп, Алматы қаласының аккредиттелген радиациялық зертханаларындағы көлденең сүзгілерде өлшенеді. Бета-белсенді түсулердің зертханалық талдау нәтижелері 2019 жылғы 5 қыркүйекке дейін жарияланатын болады», - делінген кәсіпорын ұсынған мәліметте.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 8-14 тамыз аралығында Ресейдің Архангельск, Северодвинск аймақтарынан көшкен ауа массасы Орал тауларының солтүстік бөлігіне 12 км/сағ жылдамдықпен жылжып келген. Бірақ Қазақстан территориясына жетпеген.

«14-19 тамыз аралығында Қазақстан территориясының басым бөлігі жылы ауа массаларының ықпалында болып, Қазақстан арқылы Иран аймағынан, әрі қарай батыс Сібірге жылжыды», - делінген ресми ақпаратта.

Сондай-ақ, кәсіпорын мамандары 8-19 тамыз аралығында Қазақстанның Ресей Федерациясымен шекаралас облыстарында, яғни 55 бақылау пунктінде өлшенген радиациялық гамма-фонның деректерін ұсынды.

Өңірлер

Гамма-фонның мәні, мкЗв/ сағ

Факт

Норма

БҚО

0,08-0,23

0,57

Ақтөбе

0,08-0,28

Қостанай

0,07-0,19

СҚО

0,10-0,16

Павлодар

0,04-0,24

ШҚО

0,08-0,21

Еске салсақ, тамыз айының басында Ресейдің Архангельск облысы Северодвинск қаласынан 30 шақырым жердегі әскери бөлімшеде жарылыс болды. Ал одан үш күн бұрын Ресейдің Красноярск өлкесіндегі Ачин ауданында орналасқан әскери бөлімнің аумағында жарылыс болып, өрт шықты.

Соңғы жаңалықтар