Қазгидромет: Наурыздың 7-сі күнгі ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы наурыздың 7-сі күнгі ауа райы болжамы жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр және қар жауады.

Тек еліміздің шығысында ғана күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, солтүстік-батыста және солтүстікте екпіні 23-28 м/с болады.

Қостанай, Ақтөбе облыстарында жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, күндіз екпіні 25 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с болады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Атырау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-ке жетеді.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, таңертең және күндіз көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы облысының Алакөл ауданында жел 16-21 м/с-қа жейін күшейеді.


Соңғы жаңалықтар