Қазгидромет: Қыркүйектің 25-і күнгі ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы қыркүйектің 25-і күнгі ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, қыркүйектің 25-і күні республиканың солтүстігі мен шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.

Республика бойынша кей жерлерде жауын жауып, тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Қызылорда облысында жел күшейіп, түнде кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен, күндіз басым бөлігінде 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді. Республиканың кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады.

Солтүстіқ Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-25 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Түнде және таңертең кей жерлерге тұман түседі.

Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлеріне де тұман түседі.

Ақмола облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Күндіз Атырау, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Түркістан облысында шаңды дауыл тұрады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.


Соңғы жаңалықтар