Қазгидромет: Қазақстанның солтүстігінде 40 градус аяз болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан территориясының басым аймақтары атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болғандықтан тұрақсыз ауа рай сақталады, қар жауады, республиканың батысында жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Атырау облысында – көктайғақ, Маңғыстау облысында күндіз жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с, Жамбыл облысында түнде екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан, түнде Қарағанды, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, Қостанай облысының солтүстігінде 40 градус қатты аяз күтіледі.


Соңғы жаңалықтар