Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«14-16 қаңтарда Салехард аудандарынан ығысқан антициклон республиканың басым бөлігіне әсер етеді. Салдарынан басым бөлікте ауа температурасы төмендейді. Тек кезеңнің соңында Жерорта теңізі циклонының келуімен ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Кей жерлерде қар жауады, оңтүстікте және батыста жауын-шашын (қар, жаңбыр), боран, тұман, желдің күшеюі, батыс және оңтүстік облыстарда көктайғақ болады», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар