+7 (701) 759 90 19
USD 424.49 EUR 504.51
RUB 5.59 CNY 64.57
Jańalyqtar

Қазгидромет 8 өңірде ескерту жариялады

2020 жылғы 20 қазан 22:17
Бөлісіңіз:
Қазгидромет 8 өңірде ескерту жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 21 қазанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Атырау облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде солтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с.

Күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысып, екпіні 15-20 м/с артады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, күтіледі. Түнде және таңертең көктайғақ болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші күндіз 15-20 м/с артады.

Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с артады.

21, 22 қазан күндері тәулік бойы Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23-28 м/с күшейеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT