Қазгидромет 16 қаңтарда ауа райы қандай болатынын жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 16 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Еліміздің батыс аумағына Қара теңіз ауданынан келетін циклон өз әсерін тигізеді.

Соның салдарынан қар мен жаңбыр жауады.

Ал республиканың шығысы Новосібірден келген антициклон ықпалында болады.

Осыған байланысты жауын-шашын жаумайды.

Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады.

Жел күшейіп, жаяу бұрқасын көтеріледі.

Алматы облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі, Алакөл ауданында жел 20-25, екпіні 30 м/с күшейеді.

Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күші - 15-20 м/с. Жамбыл облысында екпіні 23-28 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 18 м/с, түнде Мұғалжар ауданында екпіні 23 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз – көктайғақ.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз – жаяу бұрқасын.

Ақмола, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Ақмола облысында жаяу бұрқасынмен бірге күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.


Соңғы жаңалықтар