Қазғарыш Ташкенттегі ғарыш технологиялары бірінші өңірлік конференциясына қатысып жатыр
2022 жылғы 11 мамыр 02:03

Қазғарыш Ташкенттегі ғарыш технологиялары бірінші өңірлік конференциясына қатысып жатыр

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Ташкентте 10-12 мамыр аралығында Орталық Еуразия өңірінде Space Technology Conference (SТC 2022) ғарыш технологиялары бойынша бірінші конференция өтіп жатыр. Оған ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аэроғарыш комитеті (АҒК), Қазғарыш кәсіпорын басшылары, ғарыш саласының мамандары кіретін Қазақстан делегациясы қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ғарыш технологиялары бойынша бірінші өңірлік конференцияға қатысушыларды «Өзбекғарыш» бас директорының м.а. Шукрат Қадыров пен Өзбекстанның ақпараттық технологияларды дамыту министрі Шерзод Шерматов қарсы алды.

Орталық Еуразия әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақты қозғалтқышы ретінде ғарыштық технологияларға арналған конференцияның бірінші күні ҚР-дағы ғарыш қызметі туралы ақпаратпен ҚР ЦДИАӨМ АҒК төрағасы Баубек Оралмағамбетов бөлісті.

Қазғарыш төрағасы атап өткендей, Қазақстан делегациясының негізгі баяндамалары «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ (ҚҒС), «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ (РҒБО) басшылары ұсынатын заманауи спутниктік технологияларға арналады.

«Бұл тұрғыда бізде жақсы жұмыс тәжірибесі бар және заманауи ғарыш технологияларын дамыту перспективалары туралы пікір алмасуға мүмкіндік бар», - деп атап өтті Б.Оралмағамбетов.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Айдын Айымбетов 2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) Қазақстан ғарыш жүйесінің ел үшін жұмыс нәтижелері мен экономикалық әсері туралы айтып береді.

STC 2022 ғарыш технологиялары жөніндегі конференцияға қатысушыларға Қазақстанның «Kazsat» байланыс және хабар таратудың алғашқы ұлттық спутниктік жүйесінің презентациясын «РҒБО» АҚ басшысы Мәлік Жүйріктаев ұсынады.

Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT