Қазатомөнеркәсіп биыл қанша кіріс алмақ

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың қорытындысында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы 46 млрд теңге кіріс алуды жоспарлауда. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Толықтай алғанда, 2017 жылдың қорытындысында компанияның операциялық кірісі 46 млрд теңге деңгейінде болады деп күтілуде», - деді ол.

Компания басшысының айтуынша,  қол қойылған меморандумдарға сәйкес соңғы жылдары Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының бюджетіне 4,8 млрд теңге аударылды. Сондай-ақ, меморандум бойынша Шығыс Қазақстан облысының бюджетіне ағымдағы жылы 1 млрд теңге берілді. Алдағы екі жылда тағы 2 млрд теңге бөлінетін болады. 

«Мұнан бөлек, жер қойнауын пайдалану келісімшарттары аясында аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына жыл сайын 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Биыл компания Астанадағы 240 орындық балабақша құрылысын аяқтады, ол нысан да қалаға өтеусіз табысталады», - деді Ғалымжан Пірімбетов.

Оның сөзіне қарағанда, 2015 жылдан бері Қазатомөнеркәсіпте Трансформация бағдарламасы іске асырылуда. Оның экономикалық тиімділігі 2025 жылға қарай 136 млрд теңге құрайды деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар