Қазан айында Баян-Өлгейде «Бүркітшілер тойы» өтеді

None
None
ҰЛАН-БАТЫР. ҚазАқпарат - Моңғолияның бүркітті аңшылар қауымдастығы ұйымдастыратын жыл сайынғы «Бүркітшілер тойы» 3-4 қазан күндері Баян-Өлгей аймағында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат МОНЦАМЭ агенттігіне сілтеме жасап.

Осымен 21 мәрте өткізілетін туристік іс-шара Қоршаған орта және туризм министрлігімен, Баян-Өлгей аймақ басшысының әкімшілігімен бірлесіп ұйымдастырылады.

Фестиваль кезінде 60-тан аса аңшы сайысқа түсіп, көрермендерге құсты басқара алу және оның көмегімен аң алу шеберлігін көрсетеді.

Сондай-ақ, шара аясында түрлі жарыстар, қойылымдар және қазақтың ұлттық ойындары өткізіледі.


Соңғы жаңалықтар