«Қазақы ас: дәстүр мен дәм» кітабы жарық көрді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –QazaqGeography белсенді мүшесі Әйгерім Мұсағажинованың «Қазақы ас: дәм мен дәстүр» атты кітабы жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әйгерім Мұсағажинова - этнограф, ҚР Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының материалдық емес мұраларының жетекшісі.

Кітапта қазіргі уақытта әзірленуі мен тұтынуы ғана емес, тіпті атауының өзі ұмыт болуға щақ қалған ет, сүт және аралас жасалатын тағамдар мен сусындардың бірқатар түрлері қамтылып, олардың әзірлену технологиясы, биологиялық құндылығы туралы қысқаша сипаттамалар беріледі.

Кітап тағамдану саласының мамандарына, технологтар мен этнографтарға сонымен қатар, технология және тарих факультеттерінің студенттеріне, жалпы ұлттық тағамға қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған.



Соңғы жаңалықтар