«Қазақтың Мессиі» Ордабасы клубында ойнамайтын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Уфа» футбол клубының басшылығы қазақстандық шабуылшы Еркебұлан Сейдахметті «Ордабасы» командасына жібермей қойды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Шымкенттік клубтың менеджерлері болашағынан зор үміт күттіретін футболшыны өз қатарына қосу үшін бар күшін салды. Алайда «Уфа» басшыларына Сейдахметке қатысты жаңа, бұдан да тиімді ұсыныс түсуіне байланысты келіссөздер аяқсыз қалды.

Бірақ бұл қандай ұсыныс екені айтылмады. Еркебұланға қызығушылық білдіріп отырған екінші клуб Алматының «Қайраты» болуы мүмкін. Алматылықтармен арадағы келіссөздер де оңай өтіп жатқан жоқ. «Қазақ Мессиін» сатып алғысы келетіндер үшін басты кедергі - жас футболшының бағасы.

Бұған дейін Еркебұлан Сейдахмет «Ордабасы» командасына ауысуы мүмкін екені хабарланған болатын. Тараптар келісімге келіп қойды делінген еді. Футболшының өзі «Қайрат» сапына ауысқысы келеді. Өйткені алматылық командада Еркебұланның бала кезден сүйікті ойыншысы Бауыржан Исламхан ойнайды.

Соңғы жаңалықтар