Қазақтың қайраткер әйелдері туралы энциклопедия жарық көрді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда халқымыздың қайраткер әйелдері туралы энциклопедия жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттың ұлағатты ұясы» атты анықтамалық-танымдық жинақ Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бастамасымен шықты.

Кітапта еліміздегі педагог кадрларын даярлайтын іргелі орталықтың бірі – Қыздар университетінің еліміздің ғылым, білім беру және мәдениет саласында елеулі еңбек етіп жүрген түлектерінің азаматтық келбеті, олардың атқарған қызметтері мен игілікті істері кеңінен баяндалған.

«Жинақта оқу орнында атқарылған ауқымды жұмыстар мен жетістіктер де топтастырылған. Кітап «Тарих. Таным. Таразы», «Парасат мектебі: бүгіні мен болашағы», «Тұлғалар», «Ғалымдар», «Ұстаздар» және «Ақын-жазушылар, мәдениет саласының қызметкерлері» атты бөлімдерден тұрады. Азаматтық келбеттері оқырман назарына ұсынылған түлектердің қатарында Күләш Құнантаева, Шәмша Беркімбаева, Оразкүл Асанғазы, Асылы Осман, Ақұштап Бақтыгереева сынды мемлекет және қоғам қайраткерлері бар», – деп атап өтті кітаптың құрастырушысы әрі бас редакторы Жандар Асан.


Соңғы жаңалықтар