Қазақтың асық ойыны адамзаттың мәдени мұралар тізіміне енгізіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Қазақстан 2017 жылы «асық ату» ұлттық ойынын ЮНЕСКО дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізбекші, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, келесі жылы «Қорқыт мұрасы» көп ұлтты өтінімдерді үйлестіру көзделуде.

Асық ату - қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Ойынның басты  құралы болып саналатын асық - қойдың, ешкінің, арқардың немесе ірі қара мал - сиыр немесе түйенің тізе сүйегі.

Көшпенді қазақ халқының өмірі ең алдымен, мал шаруашылығымен тығыз байланысты болған. Сондықтан, асық ойыны балалар арасында да, үлкендер арасында да кеңінен таралған. Асыққа байланысты көптеген ойын түрлері бар. Оны ойнау үшін арнайы алаңның қажеті жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, ЮНЕСКО-ның мәдение мұралар тізіміне басқа елдермен бірге ұсынған «қазақша күрес», сұңқармен аң аулау ұлттық ойындары кірген болатын.

Соңғы жаңалықтар