Қазақтың ақ бас сиырын өсіруді қолға алу керек - Иван Сауэр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева парламенттік тыңдауға дайындық аясында еліміздің «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «ҚазАгро» ұлттық басқару холдингінің басшыларымен кездесті. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов кіріспе сөзінде агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік үш бағдарламасы аясында субсидиялауға шамамен екі триллион теңге жұмсалғанын, дегенмен саланың көрсеткіштері өспегенін әрі әлемдегі межелерден айтарлықтай артта қалғанына жиналғандардың назарын аударды.

А.Мырзахметовтың деректерінде біздің еліміз өңделген өнім бойынша импортқа көбірек тәуелді болып отыр, өйткені тиімділігі төмен және одан әрі өңделетін шикізат ретінде пайдаланылатын тірі мал экспорттың негізгі бөлігін құрайды. «Атамекен» ҰКП басшысы бұл жағдай мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігіне теріс ықпал етеді, деп санайды. Оның айтуынша, реформалардағы ұдайы өзгерістер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің көңіл-күйіне айтарлықтай әсер етеді.

«Соңғы 5 жылда субсидиялау ережелері 47 рет өзгерді. Бұл тұрақты сипатқа ие болды. Ұдайы өзгерістер енгізіледі, фермер жұмысты қалай жоспарлауды түсініп үлгермейді. Құжаттарды дайындауды бастағанда жарты жылдан кейін келесі түзетулер енгізіледі», - деді ол.

Абылай Мырзахметов мемлекеттік органдар арасында үйлесімнің жоқтығын да атап өтті:

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті ауыл шаруашылығы жерлерінің балансын ұстаушы болып саналатынына қарамастан, барлық актілерді берумен жергілікті атқарушы органдар айналысады, ал өткен жылы химанализді беру Азаматтарға арналған үкіметке берілді. Бұл базаны тәртіпке келтіру керек».

Өз кезегінде «Атамекен» ҰКП Төралқасы Агроөнеркәсіп комитетінің төрағасы, агрофирма директоры Иван Сауэр мал шаруашылығын дамытуды не тежеп отырғаны туралы айтып берді. Ол маңызды мәселелердің бірі ретінде ветеринариялық қамтамасыз ету жүйесінің әлсіздігі, деп санайды. Ветеринариядағы көптеген реформалар елдегі ветеринариялық ахуалды бақылауды әлсіретті, ол жануарлардың қауіпті ауруларының өршу жағдайлары жиілеп кетуінен байқалып отыр.

Есеп-қисапқа қосып жазу – жеке мәселе болып отыр. И.Сауэр ет өндірудегі көрсеткіштерді көпе-көрінеу асыра көрсетіп, бұрмалайтындарды мемлекет жазалауы тиіс екенін айтты.

Оның ойынша, ет өндірісін дамыту мәселесінде «әр қиырдан ангус етін іздеуді қойып, отандық тұқымды дамыту керек», әсіресе аймақтық ерекшеліктерге жақсы бейімделген қазақтың ақ бас сиырын өсіруді қолға алған жөн.



Соңғы жаңалықтар