Қазақтілді емес мектеп оқушылары арасында «Еліміз Еуропа төрінде» деген тақырыппен шығарма жазу конкурсы өтеді

None
None
СТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат - Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қоры қазақтілді емес мектептердің 7-9 сынып оқушылары арасында «Еліміз Еуропа төрінде» деген тақырыппен шығарма жазу конкурсын өткізеді.

Конкурстың мақсаты - жасөспірімдерді отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, қазақ тіліне деген ынтасын арттыру, шығармашылық ізденіске жұмылдыру.

Тәуелсіз Қазақстанның даму тарихында қол жеткізген биік белестерін, өркендеу сәттерін, толағай табыстарын баяндау, еліміздегі ұлтаралық, этносаралық, дінаралық келісімнің маңыздылығын айқындау тақырыбын арқау ететін конкурс ҚР-ның Еуроподағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық ету құрметіне арналады.

Конкурстың шарттары мен талаптары:

- Туындыларды қабылдау 2010 жылғы наурыздың 1-і мен маусымның 1-і аралығында жүргізіледі;

- Конкурсқа қазақтілді емес мектептердің 7-9 сынып оқушылары қатыса алады;

- Конкурс талабы: туындылардың әдеби-көркемдік жағы, тәрбиелік-танымдық мазмұны;

- Эссе көлемі 3 беттен аспауы және 14 өлшемді Times New Roman қарпімен терілуі қажет;

- Үздік туындылар «Ұлан» газетінде жарияланып, арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Үміткерлер өз туындысын «Ұлан» газетінің редакциясына хат, факс арқылы немесе электрондық поштамен жібере алады. Жолданған хатта автордың толық аты-жөні, мүмкіндігіне қарай фотосуреті, мекенжайы, телефоны, мектебі, сыныбы туралы мәлімет толық көрсетілуі тиіс.

Хат «Ұлан» газетінің редакциясына ««Еліміз Еуропа төрінде» конкурсына» деген белгімен жолдануы керек.

Соңғы жаңалықтар