Қазақтелеком басшысы 5G желісін енгізуге қатысты түсінік берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақтелеком» АҚ басқарма басшысы Қуанышбек Есекеев 5G жоғары жылдамдықты интернетті енгізу процесіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде елімізде смартфондарда пайдаланылып жүрген 4G технологиясы кеңінен тараған. Енді 5G іске қосылатын жиілік спекторы бойынша жұмыстар атқарылуда. Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте тестілік аумақтарды қойдық. Тестілеу нәтижесі интернеттің жақсы нәтижесін көрсетті», - деді Қ. Есекеев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда ол жаңа технологияны дамытуда байланыс операторлары өзінің қаржысын салатынын жеткізді.

«Операторлар 5G енгізуге қаржы салады. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде осы тақырыпқа қатысты талқылаулар жүргізілуде», - деді компания басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, бұл тұрғыда 5G желісін бірнеше оператордың бірлесіп пайдалануы туралы ұсыныстар айтылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев адам денсаулығына ұялы байланыс антенналарының әсері туралы пікір білдірді.


Соңғы жаңалықтар