Қазақстанның үш облысында көлік қозғалысы шектелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің үш облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында 24.02.2021 күні 18.30-да ауа райының нашарлауына байланысты «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы тасжолының 105-123 шақырымында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Қызылорда облысында 24.02.2021 күні 18.30-дан бастап боран тұрып, көріну нашарлағандықтан «Самара-Шымкент» автожолының 1240-1357 шақырымында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.

Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты 24.02.2021 күні сағат 18.45-тен бастап «Самара-Шымкент» тасжолының 1153-1240 шақырымында, Ырғыз ауылына бұрылатын аумақта автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.


Соңғы жаңалықтар