Қазақстанның үш облысында ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның үш өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сонымен, Астанада 31 желтоқсан күні таңертеңгілік және күндізгі уақытта, 1-2 қаңтарда тәулік бойы бұрқасын соғып, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 1-2 қаңтар күндері оның екпіні 25 м/с-ға жетеді.

Ақмола облысында 31 желтоқсан күні таңертеңгілік және күндізгі уақытта бұрқасын ұйытқып, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с күшпен соққан желдің екпіні  25 м/с-ға дейін жетуі ықтимал.

1-2 қаңтар күндері Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында бұрқасын тұрып, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің күші 25 м/с-ға дейін артады. Кей жерлерде 30 м/с-тан асуы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар