Қазақстанның ұлттық жағдайына сай даму жолын ұстануын қолдайды - ҚХР СІМ

Фото: None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лицзянь Бейжіңде өткен кезекті баспасөз мәслихатында Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен түзетулер енгізуге арналған референдум туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚХР СІМ-ге сілтеме жасап.

«Қытай тарапы Қазақстанды Конституцияға өзгерістер мен түзетулер енгізуге арналған референдумның сәтті өтуімен құттықтайды. Тату көрші және ұзақ мерзімді жан-жақты стратегиялық серіктес ретінде, Қытай Қазақстанның ұлттық жағдайына сай даму жолын ұстануын табанды түрде қолдайды. Президент Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан халқы «Жаңа Қазақстанды» құру жолында бұдан да үлкен жетістіктерге жетеді деп сенеміз. Қытай тарапы екі ел халқының ортақ игілігі үшін Қытай-Қазақстан қарым-қатынасының үздіксіз дамуын алға жылжыту үшін Қазақстан тарапымен бірлесіп күш салуға дайын», - деді Чжао Лицзянь.


Соңғы жаңалықтар