Қазақстанның туризм саласы коронавирус салдарынан кірісінің 80 пайызынан айырылуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Қазақстанның туризм саласы коронавирус салдарынан кірістерінің 80 пайызынан айырылады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рысбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус індетінің отандық туризмге кері әсері өте зор болатындығын атап өту керек. Біздің есептеулерімізге сәйкес, шектеу шараларының енгізілуіне байланысты биыл көшпелі туризм саласындағы шығын 70-80 пайызға жуықтайды», - деді Дастан Рысбеков Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында.

Мәселен, оның атап өтуінше, Ұлттық банк мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылғы туризм саласы қызметтерінің экспорт көлемі 2,5 млрд АҚШ долларын құраған. Осыған қарай төтенше жағдайға байланысты ел Үкіметі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және туристік қоғамдастықтың ұсынысы негізінде туризм саласындағы субъектілерді мемлекеттік қолдау бойынша бірқатар жедел шара әзірлеген еді.


Соңғы жаңалықтар