Қазақстанның тұңғыш Паралимпиада чемпионы дауыс берді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Елімізден шыққан тұңғыш Паралимпиада чемпионы Зульфия Габидуллина Тараз қаласындағы №464 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет мақтанышы дауыс беру рәсімінен кейін жүрекжарды лебізін жеткізіп, ел тыныштығын тіледі.

«Бүгін - маңызды күн. Себебі біз ел тарихында ерекше орын алатын саяси науқанға қатысып отырмыз. Әр азамат ерікті түрде дауыс беріп жатыр. Әлемдік пандемияға байланысты сақтық шаралары да күшейтілген. Алайда бұл өз сайлау учаскеме келіп дауыс беруге еш кедергі келтірген жоқ. Барлығыңызды бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», – деді З.Габидуллина.

Зульфия Габидуллинаны жылы шыраймен қарсы алған сайлау учаскесіне жауаптылар естелік сыйлық тарту етіп, өзінің азаматтық борышына жауапкершілікпен қараған чемпионға алғысын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар