Қазақстанның төрт өңірінде ауа райында байланысты ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

2020 жылдың 26 - 27 қаңтарында Көкшетау қаласында қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші күндіз 15-20 м/с, түнде – 23 м/с жетеді.

26 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында қар, кей жерлерде түнде қалың қар күтіледі. Кей жерлерде бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

26 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын, кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с жетуі ықтимал. Орал қаласында 26 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ, солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

26 қаңтарда Қостанай облысында қар, бұрқасын, кей жерлерінде тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. Қостанай қаласында 26 қантарда қар, бұрқасын, оңтүстік-батыстан жел соғады, оның екпіні -15-20 м/с.



Соңғы жаңалықтар