Қазақстанның Терроризмге қарсы кодексіне 70-тен астам мемлекет қол қойды - Елбасы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу тәртібі кодексіне 70-тен астам мемлекет қол қойды. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездеу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаһандық бастамалар арқылы  мемлекетіміздің беделін, халықаралық аренадағы Қазақстанның орнын нақтылау. Бұған Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес  мүшесі ретіндегі қызметінің қорытындылары дәлел. Жыл басында  Нью-Йоркте еліміздің Қауіпсіздік кеңесіне төрағалығы аясында жаппай қырып-жою қаруын таратпау, сенім шаралары тақырыбында арнайы отырыс өткізілді. Аталған іс-шара барысында БҰҰ ҚК төрағасының бірегей мәлімдемесі қабылданды. Бұл Қауіпсіздік кеңесінің жаппай құрып-жою қаруын таратпау аясындағы сенім шараларын нығайтуға бағытталған тұңғыш саяси құжат болып табылады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 73 сессиясы барысында  Қазақстан ұсынған Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу тәртібі кодексіне қазіргі күні 70-тен астам мемлекет қол қойғанын айтты.  Аталған кодекс  БҰҰ-ның терроризмге қарсы жүйесін нығайтудағы маңызды қадам ретінде танылғанын атап өтті. 
null 

«Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің бірқатар құрылымдарына төрағалық еткен кезде Орталық Азия және Ауғанстан мәселелеріне баса назар аударды. Осылайша, біздің еліміз «Әлем - ХХІ ғасыр» манифесінде жария еткен қазіргі заманның өзекті проблемаларын шешу жолдарына қатысты ұстанымын нақты, дәйекті түрде ілгерілетуін жалғастыруда»,- деді ҚР Президенті.

Соңғы жаңалықтар