Қазақстанның теннис құрамалары карантиннен кейін Бурабайда жаттығуын бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның ұлттық теннис құрамалары карантиннен кейін алғашқы рет оқу-жаттығу жиындарын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстанның теннистен ұлттық және жасөспірімдер құрамалары оқу-жаттығу жиындарын бастады. Жаттығулар 14 маусымға дейін Бурабай курортында өтеді.
«Жаттығу базасында 30-дан астам спортшыны жинадық. Біздің мақсатымыз ұзақ карантиннен кейін олардың маусым алдындағы функционалдық қабілетін қалпына келтіру. Астанаға оралған соң спортшылар бұрынғыша теннистен жаттығуын жалғастырады», - деді теннистен Қазақстаның ерлер құрамасының капитаны Юрий Щукин.
Бапкерлер спортшылардың дене дайындығы деңгейін көтеру, олардың төзімділігін, ептілігін, жылдамдылығы мен күшін арттыру үшін жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Юрий Щукин, Ярослава Шведова, Елена Рыбакина, Зарина Дияс сияқты ҚР Ұлттық құрамасының атақты мүшелері жас теннисшілермен білімі және тәжірибесімен бөліседі.
«Теннисшілер оқшауланудан шығып жатыр. Меніңше олар тез арада бұрынғы қарқынға оралып, тиімді қалыптарына келеді» – деді әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова.
Оқу-жаттығу жиыны биыл бірінші рет Бурабай көлінің бойындағы Ұлттық паркте орналасқан Rixos Borovoe қонақ үйінде өтеді. Мұнда нәтижелі жиындар үшін қажеттінің бәрі бар. Жабық және ашық теннис корттары, веложолдар, жүгіру жолдары, спортшылардың тамақтануына арналған арнайы мәзір, жақсы демалуға және жылдам қалыпқа келуге мүмкіндік беретін жайлы нөмірлер бар.
Еске сала кетейік, бұл спортшылардың коронавирус пандемиясына байланысты болған ұзақ мерзімді үзілістен кейінгі алғашқы жиыны.


Соңғы жаңалықтар