Қазақстанның Таиландтағы елшісі отандық дизайнердің көйлегін киіп, подиумға шықты

None
None
БАНГКОК. ҚазАқпарат – Таиландта өткен тай жібек матасының сән апталығында қазақстандық дизайнерлердің топтамалары көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның Таиландтағы елшілігінен мәлім еткендей, 18-23 қараша аралығында ұйымдастырылған фестивальге қазақстандық киім дизайнерлері Ирина Байжанова, Зухра Әйкенова және Гүлнәз Байтілеуова қатысты. Таиландта 2010 жылдан бері өткізіліп келе жатқан сән апталығының негізгі идеясы - тай жібегін әлемге таныту.

Биыл фестиваль үшін әлемнің 71 елінің дизайнерлері тай жібегінен авторлық киім үлгілерін дайындап әкелді. Бұл үшін ұйымдастырушылар 5500 метр корольдік тай жібегін ұсынған.

«Екі жыл қатарынан әлемге әйгілі аяқ киім дизайнері Джимми Чу фестивальдің арнайы қонағы болды. Ашылу рәсімінде Таиландтың Премьер-Министрі Прают Чан-о-ча сөз сөйледі. Дәстүр бойынша, гала-шоу шеңберінде Таиландта аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшылары модель ретінде қатысты. 33 елші және 30 дипломатиялық миссия басшыларының жұбайлары қызыл кілеммен жүріп өтіп, өз елдерінің дизайнерлері тіккен киімдерді көрсетті», - деді қазақстандық дипөкілдіктен.

Қазақстан Республикасының Таиландтағы Елшісі Раушан Есболатова да дәстүрді бұзбай, қазақтың ұлттық ою элементтері бар Ирина Байжанованың көйлегін сахнаға киіп шықты.

Сонымен қатар, фестиваль кезінде ұйымдастырылған арнайы көрсетілімде И.Бижанованың киім топтамасы жиналғандардың үлкен қызығушылығын тудырды.

Соңғы жаңалықтар