+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Қазақстанның шекара бекеттерінде санитарлық-карантиндік пункттер құрылады

2020 жылғы 18 наурыз 16:09
Бөлісіңіз:
Қазақстанның шекара бекеттерінде санитарлық-карантиндік пункттер құрылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің мемлекеттік шекараларында орналасқан өткізу бекеттерінде санитарлық-карантиндік пунктер құрылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу бекеттерінде санитарлық-карантиндік пунктерді құру шараларын қолға алды.

Арнайы карантиндік аймақтар құрылатын өткізу бекеттерінің тізімін ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия бекітетін болады. Бұдан бөлек, жекелеген өткізу пунктерін уақытша жабу мүмкіндігі қаралмақ», - делінген ведомство ақпаратында.

Бүгінде Қазақстанның мемлекеттік шекарасында барлығы 51 өткізу бекеті бар. Оның 37-сі Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің (Ресей Федерациясы, Қырғызстан Республикасы) шекарасында, 14-і Қытай Халық Республикасымен, Өзбекстан және Түрікменстанмен шекарада орналасқан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT