Қазақстанның санэпидбақылау қызметі мерекелік іс-шараларды онлайн өткізуді ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның санитариялық- эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкіл Ержан Байтанаев ел тұрғындарын алдағы мерекелік іс-шараларды онлайн форматта өткізуді ұсынды.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

«Құрметті қазақстандықтар!

Мерекелік күндердің жақындағанын ескере отырып, алдағы демалыс күндерін шағын отбасылық ортада өткізуді, адамдармен тікелей байланыстарды азайтуды, халық көп шоғырланатын іс-шараларды ұйымдастырмауды және оларға қатыспауға шақырамын.

Баршаңызға белгілі, елімізде эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз. Әлем елдерінде вирустың таралуы шарықтау шегіне жетіп, пандемия құрбандарының саны күн санап артып келеді. Медицина ғалымдары да COVID-19 вирусының мутацияланған жаңа штамдарының жұғу қарқыны екі есе жылдам екендігін және аурудың ауыр өтетіндігіне әсер етеді дабыл қағуда. Ал адам көп шоғырланған ортада инфекцияны жұқтыру қаупі еселеп артады. Сондықтан біз барлық мерекелік іс-шараларды онлайн форматта немесе өзіңіздің отбасыңызбен үйіңізде өткізуді ұсынамыз»,-дейді ресми өкіл.

Сондай-ақ ол коронавирустың жаппай таралуын ауыздықтаудың ұтымды жолы бұл сақтық шараларын қатаң сақтау және вакциналану екендігіне назар аударады. Қазір өңірлердің басым көпшілгі «қызыл» аймақта. Соған қарай ойын-сауық, салтанатты іс-шараларды ұйымдастыруға қатаң тыйым салынған. Дегенмен ережеге енжарлық танытып, карантин талаптарын бұзушылар әлі де азаймай отыр.

«Құрметті қазақстандықтар! Сақтық шараларына салғырттық танытпауға шақырамын. Бұл жарқын мерекені ең жақын адамдармен бөлісіңіз, өзіңізге қамқорлық жасаңыз және үйде болыңыз!»,-дейді санитариялық- эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілі.


Соңғы жаңалықтар