Қазақстанның Ресейдегі елшісі «ҚазАқпарат» тілшісін марапаттады

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшісі Ермек Көшербаев Мәскеуде жұмыс істеп жатқан Қазақстанның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының меншікті тілшілерін кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дипмиссия басшысы «ҚазАқпарат» агенттігінің тілшісі Нарымбек Исмағұловты, «Хабар» телеарнасының тілшісі Дана Нұржанды және «Қазақстан» телеарнасының тілшісі Индира Асанованы Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтап, Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті», - делінген елшіліктің ресми сайтында.

Онымен қоса, Е.Көшербаев Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары туралы ақпараттардың жоғары деңгейі үшін алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

Айта кетейік, 26 маусым күні «ҚазАқпараттың» тағы бір тілшісі марапатталған болатын. Аян Өрібай ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл және БАҚ-2020» республикалық байқауында екінші орын алды.

Еске салайық, Қазақстанда Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні 2019 жылдан бері 28 маусым күні мерекеленіп келеді.


Соңғы жаңалықтар