Қазақстанның Қытаймен тауар айналымы бір жылда 1,5 еседен астамға өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы жылдың қаңтар айында Қазақстанның Қытаймен тауар айналымы 1,4 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 53,4% артық. ҚР тауар айналымы құрылымындағы Қытайдың үлесі 16,1% құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Осы жылдың бірінші айында Қытайға экспорт көлемі импорт көлемінен асып түсті. Экспорт бір жылда бірден 77,9%, яғни 771,7 млн АҚШ долларына жетті. ҚР-дан экспорттың барлық көлемінен Қытайдың үлесі 12,7% құрады.

Импорт, өз кезегінде, 31,8%, яғни 648,5 млн АҚШ долларына артты. ҚР-дағы импорттың жиынтық көлеміндегі Аспан асты елінің үлесі 23,8% құрады.

Қаражаттың көп бөлігін қытайлық инвесторлар ҚР өңдеу өнеркәсібі саласына: 2,8 млрд АҚШ долларын жұмсады.

Танымал салалардың ішінде көлік және қоймалау (2,6 млрд АҚШ доллары, жылына минус 21,5%) және сауда мен автожөндеу (2,1 млрд АҚШ доллары, плюс 20,3%) бар.

2022 жылдың 1 наурызына қарай елде Қытайдың қатысуымен жұмыс істеп тұрған 1,5 мың компания бар — бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 17,4% көп.


Соңғы жаңалықтар