Қазақстанның қуатты болуы түркі әлемі үшін маңызды - құрметті консул

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Түркиядағы Құрметті консулы, экономист Халил Улуер Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 28 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халил Улуер 2011 жылдан бері Түркиядағы Қазақстанның Құрметі консулы қызметін атқарып келеді.

«Орталық Азияның ең көне тарихи, мәдени тарихына ие Қазақстан Тәуелсіздігінің 28 жылдығы құтты болсын. Қазақстан, әрине, тек 28 жылдық мемлекет емес, көне бағзы тарихы бар, мұрасы бр мемлекет. Алдымен, түркі әлемінің ақсақалы - Нұрсұлтан Назарбаевты, Қазақстан халқын және Президентін осындай ұлық мерекемен құттықтаймын. Қазақстан неғұрлым қуатты болса, түркі әлемі де соғұрлым күшті болады. Түркияның да әл-ауқатының артуы Қазақстанға жақсы деп ойлаймын. Біз - жай ғана дос мемлекеттер емеспіз, бауырлас халықтармыз. Тәңірі түркі әлемінің ынтымақ-бірлігін ұзағынан етсін. Қазақстан халқына мол игілік берсін», - деді Құрметті консул.

Айта кетейік, Қазақстанның Тәуелсіздігі Түркияның бірнеше қаласында тойланды. Тәуелсіздік тойы 11 желтоқсанда Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің ресми қабылдауымен басталды. Ресми қабылдауға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ оркестрі мен «Қорқыт ата» көне аспаптар саз тобы арнайы келді.

50-ден астам қазақстандық өнерпаз Анкара, Ниде, Бурса, Ниде, Сакария және Түркияның ең танымал туристік аймағы - Каппадокияда өнер көрсетті.

Фото: www.instagram.com/haliluluer


Соңғы жаңалықтар