Қазақстанның қорғаныс саласындағы өнеркәсіп өндірісі 11% өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі технологиялық даму мәселелері бойынша қорғаныс өнеркәсібі блогының есебін тыңдады.

Сондай-ақ 2020 жылдың өндірістік қорытындылары шығарылып, 2021 жылға міндеттер қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Инустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.

Жалпы алғанда, қорғаныс өнеркәсібі кешенінде қазіргі экономикалық жағдайда өндірістік тұрақтылығы сақталып, өнеркәсіптік өндіріс көлемі 11% өсті. Оның ішінде азаматтық мақсаттағы өнім өндіру көлемінің ұлғаюы есебінен (32,7%) қамтамасыз етілді.

«Қорғаныс өнеркәсібі құрамында жоғары кәсіби инженерлік-техникалық кадрлардың және қазіргі заманғы жабдықтардың болуы 2021 жылы да әуе құрылысы саласында, зымырандық-артиллериялық қару-жарақ, сауытты танктік қару-жарақ өндірісінде, медициналық жабдықтар, компьютерлік техника, байланыс құралдары, сондай-ақ мұнай жабдықтары мен темір жол саласына қажетті өнімдер өндірісінде жақсы көрсеткіштерді сақтауға мүмкіндік береді»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар