Қазақстанның Қорғаныс министрі БАӘ елшісімен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қорғаныс министрлігінде ведомство басшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед Әл-Арикимен кездесті.

Тараптар әскери білім беру, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау, жауынгерлік даярлық, киберқауіпсіздік, сондай-ақ әскери-техникалық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму көкжиегін талқылады.

Биылғы ақпан айында Әбу-Дабиде Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері Бірлескен әскери комиссиясының отырысында екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы өзара іс-қимылды дамыту бағыттары айқындалып, 2022 жылға арналған Әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылғанын айта кеткен жөн.


Соңғы жаңалықтар