Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы азаматтардың өзін өзі жұмыспен қамтуы туралы заң әзірлеуді ұсынды

None
None
АСТАНА. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Азаматтардың өзін өзі жұмыспен қамтуы туралы заң жобасын әзірлеуді ұсынған Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы осы арқылы аталған санаттағы азаматтардың мәртебесін анықтау проблемасы өздігінен шешіледі деп санайды.

Бұндай пікірді бүгін халықтың өзін өзі жұмыспен қамту ережесін заңнамалық реттеу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел барысында аталған партияның бірінші хатшысы Владислав Косарев білдірді.

Еліміздегі барлық еңбек ресурстарын жандандыру қажеттігін атап өткен ол еңбекке қабілетті әрбір азаматтың еңбек өндірісіне қатыспауы дұрыс еместігін баса айтты. Оның пайымдауынша, бұл санаттағы азаматтар материалдық жағынан аз қамтылған. Ал ең бастысы, елімізде аталған санаттағы азаматтардың құқықтарын қорғайтын заңнамалық база құрылмаған.

«Еңбекке жарамсыздық парағы, еңбекке қабілетсіздігі сияқты санаттарда жәрдемақы алуға еш мүмкіндігі, тіпті олардың еңбек кітапшалары да жоқ. Сондықтан біз Үкімет пен қоғам «Азаматтардың өзін өзі жұмыспен қамтуы туралы» заң жобасын әзірлеуге немесе «Халықты еңбекпен қамту туралы» Заңға өзгертулер енгізуге дайын болғандықтан көтеріп отырмыз», деді В.Косарев өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар