Қазақстанның Қарулы Күштері Әскери парадқа дайындықты бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Қарулы Күштерінде Әскери парадқа дайындық басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазіргі таңда «Отар» 40-шы әскери база аумағында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен құрылымдарының жеке құрамы мен әскери техникасы жиналып жатыр», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Әскери бөлімдер Отан қорғаушылар күнін мерекелеу қарсаңында «Матыбұлақ» полигонында ҚР Қарулы күштерінің жабдықталған қазіргі заманғы қару-жарақтары мен әскери техникасын тактикалық және практикалық қолданылуы барысында өз шеберліктерін көрсетеді.

Психологиялық және әскери дайындығы тұрғысынан ең жақсы дайындалған әскери қызметшілерді іріктеу жер-жерлердегі пункттерде жүзеге асырылды.

Жаттығу барысында салтанатты қораптарды орналастыру реті жасалып, парадқа қатысушылардың құттықтау элементтері іріктелді, ту алып өту, сондай-ақ жеке құрамның салтанатты маршпен жүру тәртібі анықталды. Парадқа дайындықты қамтамасыз ету үшін тұруға қажетті барлық жағдайлары бар лагерлер тігілді.

2018 жылы Әскери парадқа 3 мың әскери қызметші, 300-ден астам қару-жарақ пен әскери техника, 30 ұшақ қатыстырылады. 

Еске сала кетсек, 2013 жылы «Отар» 40-шы әскери базасында Қазақстан Қарулы Күштері тарихында алғаш рет әскери парад өткен болатын. Шараға Қазақстан Президенті - ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. 

Соңғы жаңалықтар