Қазақстанның ислам әлеміндегі орны ерекше - Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян

None
None
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) абыройын арттыруға бірге күш салып келеді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу барысында Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян осылай деп пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аймақтағы жағдайды білесіздер. Осыған орай БАӘ мәселелерді бейбіт жолмен шешіп, толеранттылықты күшейтуге, халықаралық аренада бейбітшілік пен келісімнің беки түсуіне мүдделі», - деді Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян.

Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасы БАӘ мен Қазақстан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы аясында тығыз ынтымақтастық орнатқанын атап өтті.

«Біздің мемлекеттер аталмыш ұйымның абыройын арттыру үшін бірге күш салып келеді. Қазақстанның ислам әлеміндегі орны ерекше», - деді шейх.

Ол сондай-ақ, ҚР Президентінің сапары екі ел арасындағы өзара қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді.

«Жоғары деңгейдегі келіссөз барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сонымен бірге, экономиканың көптеген саласындағы бірқатар сұрақты талқылау жоспарланған. Кездесу қорытындысына сай бірқатар құжатқа қол қойылады», - деді Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктерінде жүр.


Соңғы жаңалықтар