Қазақстанның инженер-құрылысшылары халықаралық стандарттар бойынша білім алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда buildingSMART кәсіби сертификаттау бағдарламасы бойынша құрылыс саласының кадрларын даярлаудың алғашқы орталығын құру туралы келісім жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму минисрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Аталмыш келісім Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты («ҚазҚСҒЗИ АҚ) Құрылыстағы инженер-кеңес берушілердің ұлттық қауымдастығы мен (ҚИКҰҚ, Ресей) Қазақстанда ҚазҚСҒЗИ базасында жасалды.

Құрылатын орталық Қазақстанның инженер-жобалаушылары мен құрылысшыларына кейіннен емтихан тапсыру және бүкіл әлемде танылатын растаушы құжаттарды алу мүмкіндігімен құрылыстағы ақпараттық модельдеу технологияларына әлемдік деңгейде оқудан өтуге мүмкіндік береді. Орталықтың сертификатталған түлектері buildingSMART International орталық ашық тізіліміне енгізіледі.

«ҚазҚСҒЗИ институты бейіндік министрлікпен ҚР құрылыс саласына ақпараттық модельдеуді енгізу (ҚОАМТ) бағдарламасының операторы болып тағайындалды. ҚОАМТ енгізу жоспары аясында қазақстандық мамандар халықаралық нарықта бәсекелес болуы үшін халықаралық ұйыммен шарт жасасу туралы шешім қабылданды. ҚазҚСҒЗИ институты buildingSMART International аккредитациясын алу үшін бірнеше параметрлер бойынша бағаланды. Олар: оқыту ұйымы ретінде тәжірибе мен мүмкіндіктер, оқытушылар құрамының техникалық білімі, оқытуды жүргізу үшін инфрақұрылымның болуы», - деп түсіндірді «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Даму және цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры Александр Шахнович.

Бүгінгі таңда buildingSMART Intrernational халықаралық ұйымының бүкіл әлем бойынша 23 филиалы бар. Ресейлік buildingSMART бөлімшесі 2017 жылы Ресейдегі алғашқы құрылыстағы инженер-кеңес берушілерінің кәсіби бірлестігі - ҚИКҰҚ негізінде құрылды. ҚИКҰҚ buildingSMART-тан басқа, Халықаралық инженер-кеңес берушілер федерациясының (FIDIC) толық құқықты мүшесі болып табылады.


Соңғы жаңалықтар