Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі Нұрсұлтан Назарбаев есімімен тығыз байланысты - Норов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның халықаралық аренадағы беделінің арту Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Бұл туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Владимир Норов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен Қазақстанның қалыптасу және даму жылдары, елдегі маңызды конституциялық және саяси реформалары, әлеуметтік-экономикалық жетістіктер өсімі мен табыстар тығыз байланысты. Жаңаша әдістер мен оның дер уақытында қабылданған шешімдері Қазақстанды саяси сабақтастығы бар әрі сыртқы саяси басымдықтары айқын табысты, тұрақты және беделді мемлекеттер қатарына шығаруға мүмкіндік берді. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің атымен елдің халықаралық аренадағы беделінің арта түсуі де тығыз байланысты. Ол - халықаралық қоғамдастықтың назарын өзіне аударған ірі ауқымдағы жаңашыл идеялардың бастамашысы. Олардың қатарында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралар кеңесін, Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуын, ядролық қарусыздану проблемларын, әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының арасындағы диалогты айтуға болады», - деді ол «Нұрсұлтан Назарбаев. Жауапты басшылық: Сабақтастық пен эволюция» тақырыбындағы халықаралық конференция барысында.

Норовтың атап өтуінше, соңғы жылдары ҚР Тұңғыш Президентінің белсенді қызметінің арқасында Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастық жанданып, маңызды өзгерістер байқала бастады. Өңірдегі саяси ахуал да түбегейлі өзгеріп, өңірлік жақындасу, сенім мен өзара түсіністіктің қалпына келуі орын алып отыр.

«Нұрсұлтан Әбішұлы ШЫҰ-ның дамуына, оның негізін нығайтып, мүше мемлекеттер арасындағы дәстүрлі достық және тату көршілік қарым-қатынасты еселей түсуге де зор үлес қосты. ҚР Тұңғыш Президентінің ШЫҰ алаңындағы бастамалары халықаралық терроризмге, экстремизмге қарсы іс-қимылды күшейту, есірткі таратпау, мүше елдердің сауда-экономикалық және көлік-логистикалық әлеуетін ашу бағытындағы нақты ұсыныстармен ерекшеленетінін айрықша атап өткім келеді», - деді Владимир Норов.


Соңғы жаңалықтар