Қазақстанның футболдан қыздар құрамасы жолдастық матчта Арменияны ойсырата жеңді

None
None
ЕРЕВАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның футболдан әйелдер құрамасы Ереванда өткен екінші жолдастық мачта Армения құрамасын сенімді жеңді. Бұл туралы ҚазАқпараттың меншікті тілшісі хабарлайды.

15 мусым күні Ереванда Вазген Саркисян атындағы республикалық стадионда Қазақстан мен Арменияның әйелдер құрамасы арасында жауапты матч өтті.

Кездесу Қазақстан ұлттық құрамасының сенімді жеңісімен аяқталды – 3:0.

Қазақстан құрамасында гол соққандар: Б. Қырғызбаева (4), С. Бортникова (13) және А. Тұрлыбекова (81).

Қазақстан мен Арменияның әйелдер құрамасы арасындағы алғашқы матч 12 маусым күні болды. Қазақстандықтар қарсыластарынан 1:2 ұпаймен жеңіліс тапты.


Соңғы жаңалықтар