Қазақстанның ең таза өзендері аталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенатор Қайрат Қожамжаров еліміздегі ең таза өзендерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, 139 су нысанының ішінен «нормативті тұрғыда таза» санатқа 3 өзенге – Атырау облысындағы Жайық, Қиғаш, Түркістан облысындағы Бөген өзені және Каспий теңізі енгізілді», - деді сенатор су қауіпсіздігі мәселесі талқыланған Парламент Сенатының отырысында.

Оның айтуынша, 102 су нысаны (68 өзен, 17 көл, 14 су қоймасы мен 3 арық) «бірқалыпты деңгейде ластанған» санатқа кіргізілген. «Жоғары деңгейде ластанған» санатта 16 өзен мен 14 көл бар. «Аса ластанған» санаттағы 3 өзен ретінде СҚО-дағы Красноярка өзені мен Ақмола облысындағы Қылшықты, Шағалалы өзендері мен Майбалық көлі аталып отыр.

«Судың ластануына барлық жағдайда өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтары, қалдыққоймалардың компоненттері, шахта мен кен орындарынан шығарылған қалдықтар себеп болып отыр», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар