Қазақстанның екі қаласында 11 сәуір күні жайсыз метеожағдай қалыптасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.

«2020 жылдың 11 сәуірінде Балқаш пен Қарағанды қалаларында жайсыз метеожағдай қалыптасып, ауа ластанады»,-делінген хабарламада.

Республиканың өзге қалаларында ауа сапасы қалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Соңғы жаңалықтар