Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда-саттығы төмендеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда-саттығы осы жылдың 3 айында 2,1 пайызға төмендеді. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылғы қаңтар-наурыздағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 4 389,4 млн АҚШ долларын құрап, 2019 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 2,1 пайызға азайды. Соның ішінде экспорт – 1 227,7 млн АҚШ долларын (11,3 пайыз кеміді), импорт 3161,7 млн АҚШ долларын (2,1 пайыз көбейді) құрады», - делінген комитет ақпаратында.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,5, Қырғызстан Республикасына – 4,1, Беларусь Республикасына – 3,3, Армения Республикасына 0,1 пайыздан келеді.


Соңғы жаңалықтар