Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда айналымы қаңтар-ақпанда 6,1%-ға артқан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдын ала дерек бойынша, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерімен өзара сауда көлемі 2018 жылдың қаңтар-ақпанында 2605,8 млн долларды құрады. Бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,1 процентке көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, ЕАЭО елдеріне экспорт көлемі есептік кезеңде 839 млн долларды (былтыр қаңтардағы көрсеткіштен 7,9 процентке жоғары), импорт - 1766,8 млн долларды (+5,3 процент) құраған.

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемі Ресеймен 91,6 процент, Қырғызстанмен - 4,5 процент, Беларусьпен - 3,8 процент және Армениямен - 0,1 процент болған.

Соңғы жаңалықтар