Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 16645,3 млн долларды құрады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылғы қаңтар-қазандағы Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерімен өзара саудасы алдын ала мәліметтер бойынша, 16645,3 млн АҚШ долларын құрады. Бұл, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3% көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен мәлім еткендей, 16645,3 млн доллар сомасының 4963,6 млн доллары (1,8% азайды) – экспортты, 11681,7 млн доллары (1,3% көбейді) импортты құрайды.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,3%, Қырғызстан Республикасына – 4%, Беларусь Республикасына – 3,6%, Армения Республикасына 0,1% тиесілі.

Атап айтқанда, елімізден ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге экспортталған өнімдердің 40 пайызын минералды өнімдер, 13,5 пайызын химиялық және өнеркәсіптің онымен баланысты саласының өнімдері, 26,6 пайызын металдар және олардан жасалған бұйымдар, 10,1 пайызын мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары, 7,5 пайызын машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар және аппараттар, 2,3 пайызын өзгелері құрайды.

Ал импортталған өнімдердің үлесінде минералды өнімдер 12,5 пайызды, химиялық және өнеркәсіптің онымен баланысты саласының өнімдері 15,4 пайызды, металдар және олардан жасалған бұйымдар 16,2 пайызды, машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар және аппараттар 26,6 пайызды, мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары 14,1 пайызды, өзгелері 15,2 пайызды құрады.

Соңғы жаңалықтар