Қазақстанның десанттық-шабуылдау әскерлері кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2000 жылы 6 шілдеде ел Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде Ұтқыр күштер құрылып, Аэроұтқыр әскерлері болып қайта аталды.

2017 жылы қазіргі заманғы құрылыммен Десанттық-шабуылдау әскерлері болып қайта ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Әр жылдары бұл әскерге генерал-майор Уәли Еламанов, генерал-полковник Сәкен Жасұзақов, генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев, генерал-майор Әділбек Алдабергенов, генерал-майор Дәулет Оспанов, генерал-майор Алмаз Жұмакеев, генерал-майор Қайдар Қарақұлов, генерал-майор Қаныш Әбубәкіров басшылық етті.

Бүгінде десанттық-шабуылдау әскерлерін генерал-майор Мереке Күшікбаев басқарады. Қазіргі десанттық-шабуылдау әскерлері – ұтқырлығы жоғары және соңғы үлгідегі техникамен жарақталған, жауынгерлік ретте де, негізгі күштерден алыста да, оның ішінде қарсылас тылында да міндеттерді орындауға қабілетті әскер. Оның құрамында жауынгерлік әлеуетін десанттық-шабуылдау, артиллериялық, шабуылдау, барлау, бітімгершілік құрамалары, бөлімдері мен бөлімшелері бар.


Десанттық-шабуылдау әскерлері бітімгершілік қызметке де зор үлес қосуда. 2003-2008 жылдары «Қазполктің» әскери қызметшілері Ирактағы бітімгершілік миссияға қатысты. 2018 жылдан бастап «Қазполк» пен «Тілендиев» бітімгершілік даярлық орталығы базасында «БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері» үшін қазақстандық контингент даярланып жатыр.

Десанттық-шабуылдау әскерлері барлық, оның ішінде халықаралық оқу-жаттығуларға белсенді қатысады. Армиялық халықаралық ойындар сайыстарында қол жеткізген көрсеткіштері жоғары.

«Десантшы-жауынгерлер әрқашан жоғары даярлық деңгейін, кәсіби шеберлігін, қиын да күрделі міндеттерді орындауға қабілетті екенін көрсетуде. Бұл әскерде қызмет етудің қай кезеңде де абырой-беделі асқақ. Бөлімдер мен бөлімшелерді жасақтау қатаң іріктеу арқылы жүргізіледі, ал мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің спорттық разряды бар және психологиялық тұрғыдан өте төзімді болып келеді», - деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар