Қазақстанның бүкіл аумағы бойынша ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы бүкіл Қазақстан аумағы бойынша дерлік ауа райына байланысты ескерту жариялады. Бұл туралы кәсіпорынның ресми сайтынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласында 10 тамызда найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні таңертең және күндіз 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының басым бөлігінде жаңбыр жауып, күндіз кей жерлерде нөсерлетеді. Облыстың бірқатар өңірінде найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғып, күші секундына 15-20 метрге, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Көкшетауда 10 тамызда найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні күндіз 15 м/с жетеді.

Жамбыл облысының бірқатар аумағында күндіз 10, 12 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Таразда 10, 12 тамыз күндері күндіз оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады.

10 тамызда Түркістан облысының кей жерлерінде күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

10 тамызда Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соғатын желдің найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодарда 10 тамызда таңертең және күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соғатын желдің найзағай кезінде екпіні секундына 18 метрге жетеді.

10 тамыз күні күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, найзағай ойнап, күндіз бірқатар аймақтарында дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстіктен жел соғып, күндіз күші секундына 15-20, екпіні 23 метрге жетеді.

Петропавлда 10 тамызда тұман түсіп, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауып, оңтүстіктен жел соғып, күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау облысының бірқатар аумағында 10 тамыз күні солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырауда 10 тамызда солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, солтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

10-11 тамызда Қарағанды облысында кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағандыда 10 тамызда найзағай ойнайды.

Жезқазғанда найзағай ойнап, жел оңтүстік-батыстан соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

10 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Желдің күші кей жерлерде секундына 15-20, күндіз екпіні 23 метр болады.


Соңғы жаңалықтар