Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

13 желтоқсанда Ақмола облысы мен Көкшетау қаласының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ және бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде оның күші 15-20 м/с-ке жетуі ықтимал.

Осы күні Қостанай облысы мен Қостанай қаласында түнде қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғып, оның екпіні кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді.

13 желтоқсанда Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ болады. Таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде жылдамдығы15-20 м/с-ке жетуі мүмкін.

Сондай-ақ, осы күні Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. Кей жерлерге тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Петропавл қаласында түнде бұрқасын болады.

13 желтоқсанда Маңғыстау облысының кей жерлеріне тұман түседі. Осы күні түнде және таңертең Ақтауда да тұман болады.

Соңғы жаңалықтар