Қазақстанның бірінші ракеткасы «Уимбилдонда» таңдаулылар қатарына кірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Уимбилдон» ұйымдастырушылары жеребе тастау алдында таңдаулылар қатарындағы ойыншыларды таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық өкілдер арасынан жеңімпаздар қатарына елдің ең мықты тенисшісі Елена Рыбакина ғана кіре алды – ол әйелдер жеке разрядында 19-шы нөмірге ілінді.

Турнирдің негізгі жеребе тастау рәсімі бүгін, 24 маусымда өтеді.

Рыбакинадан басқа «Уимбилдонда» Қазақстанның атынан Юлия Путинцева мен Зарина Дияс ойнайды, ерлер тобында Александр Бублик пен Михаил Кукушкин бар. Ал біліктілікте Дмитрий Попко ойын көрсетіп үлгерді, бірақ ол жеңіліс тапты.


Соңғы жаңалықтар