Қазақстанның батысында ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің дерегі бойынша, 10-11 мамырда Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы 15-20 м/с болуы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында 10-11 мамырда солтүстік-шығыс желі (15-20 м/с) күшейеді, кей жерлерде найзағай ойнап, шаңды дауыл болады. Бұршақ түсуі ықтимал.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бейсенбі, 10 мамырда республиканың басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты жаңбыр жаууы мүмкін. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс, солтүстік-шығыс және орталықта ауын-шашын болмайды. 

Соңғы жаңалықтар